Кездесуге қатысу үшін Душанбеге Ресей Федерациясының ішкі істер министрі Борис Грызлов келеді деп күтілуде. ІІМ-нің мәліметіне сәйкес, отырыстың күн тәртібінде қылмыспен, лаңкестік және экстремизммен күрестің жаңа тәсілдері және бірлескен іс-қимылдар жөніндегі мәселелер талқыланады деп күтілуде.
ТМД елдері ішкі істер министрлері кеңесінің жиналысында Тәжікстан және Ресей арқылы Ауғанстаннан есірткі таралуымен күрес мәселесіне де айрықша назар аударылмақ.