үстіне бензин құйып өртеген, деп хабарлады жұмада Душанбе күйіктен емдеу орталығы мен милицияға сілтеме жасай отырып жергілікті БАҚ.
"Тәжік техникалық университетінің қызметкері Майдамох Умарова туысқандарымен кезекті рет ренжісіп қалған соң өзінің және үш қызының үстіне бензин құйып өртеді", деп жазды тәжік БАҚ.
Әйел ауруханада қаза болған, қатты күйік алып қалған үш баласы күйіктен емдеу орталығында жатыр.
"Қыз баланың үлкені 9 жаста, жағдайы ауыр, беті мен денесінің 50% күйіп қалған, 5 жастағы қыз баланың денесінің 35% , ал 9 айлық сәбидің денесінің 25% күйген", деп хабарлады ASIA-Plus агенттігі.
Көршілері "ол күйеуімен, туысқандарымен ренжісіп жүрді және қарызы көп болды, ол өзін тығырықтан шыға алмайтындай сезінген күйде болатын", деп айтты.