Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алдағы отырыс аясында елдердің көлік саласындағы ұлттық деңгейдегі проблемалары мен бастамалары туралы баяндамалар тыңдалады. Сонымен бірге БҰҰ-ның Орталық Азия елдеріне бағышталған арнаулы бағдарламасы (СПЕКА) аясындағы ең маңызды транспорттық бағыттарды іріктеу үшін жасалатын талдауларда БҰҰ ЭСКАТО-ның "Уақыт/құн" атты жаңа әдістемесін қолдану және қатысушы елдер үшін қызғылықты болып табылатын жобалық ұсыныстарды қарау көзделген.
Отырысқа, БҰҰ-ның Орталық Азия елдеріне бағышталған арнаулы бағдарламасына қатысушы елдермен бірге, БҰҰ-ның Біртұтас экономикалық комиссиясы, БҰҰ ЭСКАТО, ЮСАИД, Орталық Азиядағы ТРАСЕКА кеңсесінің және халықаралық қаржылық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті