Душанбеде 5-6 қарашада Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақ - тәжік комиссиясының алтыншы отырысы өткізіледі

Комиссияның Қазақстан жағынан тең төрағасы - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министр Нұрлан Ысқақов. Ал Тәжікстан жағынан тең төрағасы - Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі ТР мемлекеттік комитетінің басшысы Фаррух Хамралиев болып табылады. Аталған отырыс барысында екі жақты түрлі салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі талқыланады.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылдың 9 айында $206 млн 535 мың болды, бұл өткен жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 80,3% артық. Тәжікстаннан $6 млн 470 мың көлемде тауар экспортталып, республикаға әкелінген импорт көлемі $200 млн 65 мыңға жетті.