ТР еңбек және әлеуметтік қолдау министрінің орынбасары Эмин Сангиновтың хабарлауынша, "Тұрақты серіктестік - РФ, Кавказ, Орталық Азиядағы еңбек күшінің миграциясын тиімді басқарудың құралы" деп аталатын бірінші жоба мигрантар мен олардың отбасы мүшелеріне, ұлттық өкімет пен кәсіподақтарға бағытталған. Сангиновтың айтқанындай, жоба 2007 -2009 жылдарға арналған, оның бюджеті 2,4 млн астам долларды құрайды.
Екінші жобы "Жұмыс орнын пайда болдыру арқылы жергілікіті қауымдастықтарды дамыту және миграцияны басқару жүйесін жетілдіру" деп аталатын Рашт аңғарында жүзеге асады. Оның мақсаты - Тәжікстаннан адам саудалаумен күресу, тұрғындардың сұранысына сай еңбекке қамтуды жетілдіру жолымен оның алдын алу ". Жоба 2007 жылдың 1 маусынан 2009 жылдың 30- маусымы аралығына есептелген. Жоба бюджеті 1,065 млн доллар.
Өз кезегінде ХЕҰ-ның техникалық аға кеңесшісі Нилим Баруа еңбек мигранттары тек өз елінің ғана емес, басқа елдердің экономикалық өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатындығын атап өтті. "Еңбек миграциясының оңды жағы олар екі елдің - өз елінің және қабыл алған елдің экономикасының дамуына бірдей үлес қосады ", - деді Н.Баруа.
ХЕҰ мәліметі бойынша Ресей мен Қазақстан аумағында Тәжікстанның 600 мыңнан астам еңбек мигрантары еңбек етеді. Ресейде жаңадан көші-қон заңының күшке енуіне байланысты барлығы ТМД-ның 1 млн.нан астам еңбек мигранттары заңдастырылды. Н.Буруа атап өткендей, РФ аумағында 10-12 млн жуық заңсыз еңбек етушілер бар және оның 30% өз ықтиярынан тыс жұмыс етеді. Ресей миграция заңнамалары турасына тоқталған кеңесші РФ-да мигранттарды тіркеуге алу жеңілдетіліп, қолайлы бола түскендігін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті