"Бұл үлкен және амбициялы стратегия. Ол оншақты жобадан тұрады және де алдағы он жылда 18 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салуды қажет етеді",- деді Азия даму банкінің президенті Харухико Курода өзінің конференцияда сөйлеген сөзінде.
Харухико Курода: "Мен Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысатын әрбір ел мен әрбір ұйым оған нақты қатысқан жағдайда бұл стратегияны белсенді жүзеге асыру аймақтың экономикалық ахуалы мен оның халқының өмір сүру деңгейін жақсарта алатындығына сенімдімін", деп мәлім етті.
Азия даму банкінің ақпараттарына сүйенсек, отырыс жұмысына Ауғанстан, Әзербайжан, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан, Монголия, Тәжікстан және Өзбекстанның министрлері, сонымен қатар, Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысушы Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, Ислам даму банкі, Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы және Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк сияқты алты көпжақты ұйымдар серіктестігінің аға өкілдері қатысады.
Отырыста қабылданған жоспар негізінен автокөлік жолдары мен теміржолдардан тұратын алты жаңа транспорт дәліздерін салуға алдағы он жыл ішінде 18,7 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды қарастырады. Бұл қаржының жартысына жуығын Азия даму банкі сияқты көпжақты ұйымдар ұсынуы мүмкін, ал қалған бөлігін елдердің өздері бөледі.
"Қабылданған стратегия аясында Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық аймағы арқылы бәсекелестікке қабілетті транспорт дәліздері құрылып, адамдар мен тауарлардың шекара арқылы өтуі оңайлатылып, қауіпсіз, сенімді, тиімді, толық біріккен және экологиялық тиімді транспорт жүйесі құрылады",- деп айтылған мәлімдемеде.
2018 жылы елдер сондай-ақ "Орталық Азияның әлеуеттілігін энергетикалық орталық ретінде толық пайдаланбақ" ниетте, олар экологиялық проблемалар, жұқпалы аурулар, сондай-ақ зілзала апаттарына дайындық сияқты аймақтық міндеттерді шешуде кеңінен ынтымақтастық жасайтын болады.
Азия даму банкінің хабарлауынша, министрлер конференциясында Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық Институтын құру жоспары мақұлданған, бұл Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық пен бірігуді жақсарту үшін саяси талқылаулар өткізу орталығы болып табылады.
Транспорт және сауда-саттыққа қолдау көрсету стратегиясын Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасы ұсынған. Бұл Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Азия даму банкі қолдау көрсететін бастама болып табылады. Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы 1997 жылы құрылған.
Азия даму банкі 1966 жылы құрылған. Оның штаб-пәтері Манилада орналасқан. Қазір банк 67 елде жұмыс істейді, оның 48 аймақтың өзінде орналасқан. 2006 жылы Азия даму банкі жоба бойынша жалпы көлемі 8,5 млр АҚШ долларын және 242 млн АҚШ доллары көлемінде техникалық көмек көрсету несиелері мен гранттарын мақұлдаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті