Тәжікстанның энергетика және өнеркәсіп министрлігінің таратқан ақпараты бойынша бұл шараға Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысып, шегарааралық электр энергетикалық жобалардың келісімдерін дайындауға қатысты өздерінің қоятын талаптары мен мүдделерін талқылайтын болады.
Отырысқа қатысатындар әлемдік шегарааралық электр қуатын құру тәжірибесі жөнінде ақпаратпен алмасады. Сонымен қатар аумақтарда, әлем бойынша гидроэнергетикалық режимді реттеуге қатысы бар тәжірибені мейлінше пайдаланып қалудың мәселелері қарастырылады.
Бұдан бұрын Душанбеде Орталық Азияда гидроэнергетиканы басқаруға арналған арнайы семинары өткізіліп, онда Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың жағдайына баға беріліп, аймақтық ынтымақтастық аясында ОА елдеріндегі су энергетикасын басқарудың тиімді тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар аймақтық ынтымақтастықты нығайтудың жаңа жолдары жөнінде пікір алмасты.
Тәжікстанның өнеркәсіп және энергетика министрлігі мен энергетикалық Хартиясының хатшылығы топтың отырысы мен арнайы семинарды ұйымдастырды.
Арнайы жұмыс тобы Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің сарапшыларын біріктіріп, аймақтық сауданы жетілдіру және электр энергетикасы нарығын құру секторының реформалар саласындағы тәжірибелерімен алмасу үшін, 2007 жылдың 26 сәуірінді Бішкек декларациясы негізінде құрылды. Топтың бірінші отырысы Кабулда 2007 жылдың 18 қарашасында өткізілді.