Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

"Министрлер Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің 2008 жылдың 28 тамызында Душанбеде өтетін отырысына дайындық мәселелерін қарап, ұйымға төрағалық жасаушы тараптың Душанбе саммитін өткізу үшін жұмсап жатқан күш-жігеріне жоғары баға берді", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.