Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды

Келісім аумақтағы жаңа қауіп-қатерге қарсы тұруға төтеп беру жөніндегі күштерді үйлестіру және әскери саласындағы сенімділік шараларын одан әрі нығайтуға бағытталған.

" Кеңес қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен коммюникеде әскери саласындағы мүше мемлекеттер арасындағы өзара ықпалдастық және диалогты кеңейтудің жалпы талпынысы көрсетілді, сондай-ақ ұйым аясында ынтымақтастықтың тиімділік жолдары айқындалды", - деді кеңестің қорытындысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Тәжікстанның қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Шерали Хайруллоев.

"Осы уақытқа дейін бізде бірыңғай ынтымақтастықтың халықаралық ұзақ мерзімді нормативтік актісі болған жоқ, қол қойылған келісім белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін күш жұмсауға шақырады ", - деп атап өтті Ш. Хайруллоев.

Қорғаныс ведомствосының басшысы атап өткеніндей, қауіпсіздікті бірлесе отырып одан әрі күшейту үшін ШЫҰ мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарының тығыз ынтымақтастығын дамытуды көздейді. Сондай-ақ, аумақтарда төтенше жағдайлар туындағанда оларға шұғыл әрекет етудің тетіктері мен шараларын дайындау керек.