Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің кезекті кездесуі өтуде

Тәжікстан астанасына Қазақстан, Қырғызстан және Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрлері келді. ШЫҰ мемлекеттерінің қорғаныс ведомствосы Кеңесінің отырысына Ресей министрінің орынбасары қатысатын болса, Өзбекстан елінен қорғаныс министрінің орынбасары келеді.

ТР қорғаныс министрлігі хабарлағанындай, кездесу қорытындысында мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары арасында ынтымақтастық жөніндегі келісімге сондай-ақ министрлердің бірлескен коммюникесіне қол қойылады. Айта кету керек, ұйым құрылғалы мұндай келісімге алғаш рет қол қойылып отыр. Тәжікстан Республикасының төрағалығымен ШЫҰ аясында өтіп отырған бұл кеңес бірінші ірі шара болып саналады. Өткен жылы Бішкекте өткен жазғы саммитте төрағалық ету міндеті Тәжікстанға тапсырылған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, ШЫҰ-ына Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді.