Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының сенімді нығайту жөніндегі бақылаушы тобының отырысы өтеді

Жұмыс барысында бақылаушы топ Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі әскери саладағы сенімді нығайту жөніндегі және ҚХР-мен шекаралас кеңістіктегі әскери күштерді қысқару туралы келісімнің орындалу барысын қарайды.

Қазақстандық өкілдерді Шанхай ынтымақтастық ұйымының мәселелері бойынша ҚР ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан сыртқы істер министрінің кеңесшісі Сабыр Имандосов басқарады. Сондай-ақ топ құрамына ҚР СІМ мен ҚР ҰҚК-нің өкілдері енген. Топ өз жұмысын 20-сәуірде аяқтайды.