Душанбеде ШЫҰ елдерінің қорғаныс министрлерінің кезекті кездесуі өтеді

"Тәжікстан астанасындағы кездесуде қорғаныс министрлері ұйымның қорғаныс әлеуетін арттыру бойынша бірлескен шараларды өткізу мерзімін, сондай-ақ, ШЫҰ мүше мемлекеттерге террористік және басқа да қатер төнген жағдайда жасалатын әрекетті талқылады", - деп хабарлады Тәжікстанның Қорғаныс министрлігінің халықаралық ынтымақтастық басқармасы.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Қорғаныс министрлерінің кеңесінің кезекті отырысы Тәжікстан Республикасының қорғаныс министрі генерал-полковник Шерәлі Хайруллоевтың төрағалығымен өтеді. Биыл Тәжікстан Шанхай ынтымақтастығы ұйымында төраға болып отыр. Ұйымға Қытай, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері мүше.