Душанбеде ТМД елдерінің шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің отырысы өтуде

Комитеттегілердің хабарлауынша, онда Достастық елдерінің шекарасы арқылы заңсыз есірткі тасымалдаумен бірлескен күрес шараларына қатысты мәселелер талқыланады. Отырыс барысында шекаралардың қауіпсіздігін нығайту мәселесі талқыланып, 2005-жылғы мекемеаралық шаралардың қортындысы шығарылып, ТМД елдерінің шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің 2006-жылға арналған жұмыс жоспары талқыланады.

"Бүгін сонымен бірге ТМД елдерінің аумағына келетін үшінші елдердің азаматтарды мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеуге алудың біртұтас жүйесін құруға дайындық жұмыстарының екінші кезеңі, сондай-ақ, Орталық Азия аймағындағы лаңкестікпен және заңсыз көші-қонмен күреске бағытталған бірлескен іс-әрекеттердің жоспары қаралады деп күтілуде".
РФ Федералдық қауіпсіздік қызметі шекара қызметінің жетекшісі Владимир Проничевтің төрағалығымен өтіп жатқан отырысқа Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан және Украина өкілдері қатысуда.