Душанбеде ТМД мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы өтеді - Сыртқы істер министрлігінің өкілі

Дипломаттың ақпараттарына сүйенсек, Душанбеде сондай-ақ ТМД мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы да өтеді.

"Отырыстың күн тәртібі ТМД реформалауға, Достастыққа мүше мемлекеттердің көші-қон саясатындағы өзара ықпалдастыққа, әскери ынтымақтастық саласы мен қылмыспен күрес, сондай-ақ білім және ғылым саласына қатысты көптеген мәселелерді қамтиды",- деп атап өтті ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті