З.Сироджевтің айтуынша, кездесудің басты тақырыбы "Жауынгерлік ынтымақтастық-2005" бірлескен жаттығуларына арналады. ТМД-ға қатысушы елдердің әуеден қорғаныс күштері қатысатын бірлескен жаттығулар Ресейдің Астрахань облысындағы Ашулық полигонында өтеді.
Сонымен бірге кездесуге қатысушылар ТМД аясындағы біріккен әуеден қорғаныс күштерінің болашақ іс-қызметі, ТМД-ға қатысушы елдердің әскери әуе күштері ұшырылымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ТМД қорғаныс министрлері кеңесі мен оның жұмысшы органдарының іс-қызметін қаржыландыру мәселелерін талқылайды.