Душанбеге ертең Ресейдің қорғаныс мекемесінің басшысы келеді

Тәжікстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей қорғаныс министрі бір күндік сапары барысында Тәжікстанның Қарулы күштеріне арнап РФ Қорғаныс министрлігінің оқу орындарында мамандар дайындау жайын және екі елдің әскери-техникалық саладағы ынтымақтастығының келешегін талқылау үшін өзінің тәжік әріптесімен кездеседі.

Душанбеге сапары барысында А. Сердюков бұған қоса Тәжікстандағы Ресейдің 201-ші әскери базасында болмақшы.