Душанбеге Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры келді

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін түске дейін А. Бортников Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездеседі.

Кездесу барысында Тәжікстан мен Ресейдің арнаулы қызметтерінің халықаралық лаңкестік, заңсыз есірткі айналымы мен заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланады.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Хайриддин Абдурахимовпен де жүздеседі.