Жинаққа отандық режиссерлердің 60 жылдардағы классикадан соңғы киножаңалықтарға дейін әр жылдары жасалған туындылары кірді.
Атап айтқанда, оған А.Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» (1963), Ш.Аймановтың «Тақиялы періште» (1968), С.Нарымбетовтың «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (1994), Т.Теменов пен И.Пассердің «Көшпенді» (2005), Ф.Шәріповтың «Алқызыл қоян туралы ертегі» (2010), А.Сатаевтың «Жоюшы» (2011) және тағы басқа фильмдер кірді.
Бұрын хабарланғандай, антологияның шығарылуы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Оның тұсаукесері 2011 жылдың 15 желтоқсанында Астанадағы қазақстандық киноның онкүндігі аясында өтті.