Қазақстандық Қадырбаев пен Тажаяқов - осы іс бойынша негізгі айыпталушы Джохар Царнаевтың университетте бірге оқитын достары. Екеуінің де жастары 19-да.
Қадырбаев пен Тажаяқовтың ата-аналары сот залында болды. Осы іс бойынша сот отырысы 26 қыркүйекке белгіленді. Прокурорлар 15-тен 20-ға дейін куәгерді қатыстыруды жоспарлап отыр. Сот процесі екі аптаға жалғасады деп күтілуде.
Өткен аптада төрешілер оларға қатысты қылмыстық іске қатысы кедергі келтірді деген қорытынды шешім шығарған болатын.
Оларды тергеуге кедергі келтіргендері және қылмыскерге көмек көрсеткендері үшін 20 жыл, тергеуге кедергі келтіру мақсатымен алдын ала келісім үшін 5 жыл бас бостандығынан айыруы мүмкін, сонымен қатар 250 мың доллар айыппұл және 5 жылға дейін ашық сот қарауында болады.