Джастин Бибердің даңқының арқасында байымақ болған норвегиялық азамат абақтыға жабылды

2012 жылы тамыз айында норвегиялық азамат Валид Ахмед АҚШ-тың бір инвесторын алдау арқылы скандинав елдерінде Дж.Бибердің концертін ұйымдастыруға 1 млн $ салуға көндірген.

Алаяқ әншінің менеджерлерімен ешқандай келісім жасамаған. Ақшаны алу үшін ол жалған құжаттар пайдаланған.

Сот алаяқ құрбанына В.Ахмедті 1 млн $ қайтаруға міндеттеді. Сонымен қатар, ол түрмеден шыққаннан кейін үш жыл бойы АҚШ билігінің бақылауында болады.