Caravan Logo

Джейкобс бапкері Дэннидің Головкинмен кездесуін тілейді

Джейкобс бапкері Дэннидің Головкинмен кездесуін тілейді

Дэниель Джейкобстың бапкері Андре Розье өзі жаттықтыратын спортшының WBA супер чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуін тілейтінін мәлім етті, деп жазды sports.kz.

«Дэннидің күшін Головкинмен кездесуінде тексергім келеді. Дэнни оған проблема тудырып қана қоймай, нағыз жекпе-жек ұйымдастыруға қауқарлы деп ойлаймын.  Өкінішке қарай, бұл кездесу болмайтын сияқты. Мен Дэнни мен Головкиннің күш сынасуын қалар едім», - деген Розьенің сөздерін келтіреді Boxing Scene.