"Дженерал электрик" АҚШ Эксимбанкінің кепілдігі бойынша "Қазақстан Темір Жолы" ҰК-на 200 локомотив жинақталымдарын бермекші

Жолаушы және жүк тасымалына деген арта түскен сұранысты қамтамасыз ету үшін ҚТЖ локомотив паркін жаңалауға кірісті.

АҚШ-тан әкелінетін жинақталымдар осыдан 18 жыл бұрын сатып алынған 2ТЕ10 үлгілі 100 локомотивті жаңалау үшін пайдаланылады. Модернизациялау нәтижесінде локомотивтерді пайдалану мерзімі 15-20 жылға ұзармақ.
Сауда-саттық шарасы активтер беру негізінде қаржыландыру жолымен жүзеге асырылады, кепілзат ролін локомотивтердің өзі атқарады. Сөйтіп, ҚТЖ еліміздегі банк секторына жатпайтын компаниялар арасынан бірінші болып Эксимбанктің дербес кепілдіксіз қаржыландару аясына ілікті. Бұл ретте кепілді кредитор ролін "ABN Амро-банк Н.В."атқарады.
АҚШ-тық әріптестердің айтуынша, осынау экспорттық шара "Дженерал электрик" компаниясының өндірістік кәсіпорындары мен оны жабдықтаушылар арасында 575 жаңа жұмыс орнын құруға немесе сақтап қалуға мүмкіндік береді.
"Бұл шара АҚШ-тағы жоғары сапалы жұмыс орындарын сақтап қалуға және Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға жол ашады. Біз ҚТЖ компаниясының локомотив паркін жаңалау саясатын одан әрі де қолдамақ ниеттеміз",- деді Эксимбанк төрағасы Филипп Меррилл.
Бұл Эксимбанк пен ҚТЖ арасындағы осымен екінші алыс-беріс шарасы. 2003-жылдың желтоқсан айында "Дженерал электрик" Эксимбанктің кепілдігімен ҚТЖ-ға 33,1 млн. долларға 54 комплект сатқан.