Бұл туралы Massaget.kz жазды.
Кішпейілділік – ең басты қорғанысың
«Айналаңдағы сені көре алмайтын адамдар сені жолдан тайдыру үшін бәріне дайын. Мен олардан ерекше емеспін, тек уақытымды ұтымды пайдаландым. Көп уақытымды еңбекпен, денемді шынықтырумен өткіздім. Әлемде де дәл мен секілді жандар жетерлік».
Үйлесімділік - ең үлкен күш
«Маған соғыс өнерінің адамдарға зиян келтіретіні қынжылтады. Маған ауыр. Мен ең бастысы төбелес емес екендігін адамдарға жеткізе алмадым, ондай мүмкіндік болмады. Бірақ кеште болса айтарым, үйлесімділік яғни инь мен янь ең басты ішкі жан дүниенің тыныштығы. Осы сезімді сезіну арқылы сен мықты боласың».
Бақыт сенің қасыңда
«Бақыттың соңынан жүгірудің қажеті жоқ. Ол қасымызда, өзіміз тұратын кішкене ғана бөлменің ішінде. Бүкіл бақытсыздық пен шешілмейтін мәселе сенің санаңда және жүрегіңде. Тек күресе білу керек. Сен өзіңнің кім екеніңді тани білуің керек. Егер сен өз әлеміңді тапсаң, саған қорқудың қажеті жоқ. Сен жеңімпазсың!»
Өзгенің өсегі сенің өміріңдегі ойнап тұратын әуен ғана
«Біреудің айтқан сөзіне ән айтып тұрған секілді қара. Яғни «трамп-пам-пам», «ля-ля-ля». Ал бұл әуенді айтуға шамаң келмесе, айналадағы адамдардың сөзі сенің ойыңнан асып кетсе, онда сенде бір нәрсе дұрыс емес. Бірақ оған кінәлі тағы өзің, ұмытпа!»
«Өлім» саған екінші өмір сыйлайды
«Мен әр сәтте өліп кететінімді білемін. Сол үшін әр сәтімді бақытты әрі күлкімен, еңбекпен өткіземін. Өйткені маған бұл бір – ақ рет берілген өмір. Ертең ұялмас үшін жақсы өмірге ұмтыламын».