"Джиппен келеді, түк мәдениет жоқ": Шығыстың маржаны Катон-Қарағайда тау-тау қоқыс тастағандар елдің ашуына тиді

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, ел азаматтарына, өкінішке орай әлі күнге дейін демалу мәдениеті қалыптаспаған.

"Әлемнің, Қазақстанның, Шығыстың ең тап-таза, әдемі жері - Қаракөл. Көлдің жағасын қараңыздар, келесіздер, демаласыздар, артын мал құсап, шашып кетесіздер.

Арттарыңызда мынадай тау-тау болып қоқыс қалатын болса, келмей-ақ қойыңыздаршы. Памперс, тамақ, аяқ-киім, бәтіңке...Сынған орындық, бөтелкелер. Джиппен келесіздер, арттарыңды осылай былықтырсаңдар, не үшін келесіңдер?

Бұл жер дамымаған, қонақ үй емес. Қарбыздарды жейтін сиыр жоқ мына жерде. Шығыстың ең тамылжыған табиғаты бар жерде, қоқыс шығаратын бар дейсіздер ме? Бұл жерде ештеңе жоқ! Қалай келесіздер, солай кетіңіздер, арттарыңыздан түк қалдырмаңыздар. Түк мәдениет жоқ, сервис керек дейді. Қайдағы сервис мынадай мал тірліктен кейін?!", - деп ашынды тұрғын.