Джиу-джитсу бойынша үшінші әлем чемпионатындағы қазақстандық құрама команданың жеңісіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді

23-24 наурыз күндері Киевте өткен джиу-джитсу (Комбат Дзю-Дзюцу)бойынша үшінші әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы 6 алтын медаль (7 медальдің ішінен), 4 күміс және бір қола медальға ие болып, алғаш рет командалық орын алды.

Баспасөз мәслихатына Джиу-джитсу профи-файт федерациясының президенті Дәурен МҰСА, Қазақстанның джиу-джитсу профи-файт құрама командасының бас жаттықтырушысы Қанат ТІЛЕУІМБЕТОВ және қазақстандық спортшылар қатысады.
Баспасөз мәслихатына кіру үшін журналистік куәлік болуы тиіс.
Аккредитация үшін байланыс телефондар: (+7-727) 266-63-82 , 266-63-83, e-mail: press@interfax.kz.