Джохар Царнаевқа қатысты сот отырысы екі айға кейінге шегерілді


Бірінші сот отырысы 2015 жылдың 5 қаңтарына белгіленді. Бұған дейін оның өтетін уақыты 3 қараша 2014 жыл деп хабарланған болатын.

Сот отырысын Бостаннан басқа қалада өткізу туралы қорғаушылардың өтінішін сот қанағаттандырмады.

Царнаевтің қорғаушылары Бостонда істі әділ өткізу мүмкін емес екендігін айтқан.