Қазіргі жағдаймен екі штаттағы дауыс беру нәтижелері белгісіз. Алайда, Дж.Буш жеңіске жетті деп нық сеніммен айтуға болады, өйткені ол сайлаушы өкілдердің 274 дауысын жинады. Ал жеңіске жету үшін 270 дауыс жеткілікті болатын. Джон Керри үшін 252 сайлаушы өкіл дауыс берген.
Вашингтона өз жақтастарының алдында сөз сөйлеген Дж.Буш өзінің Ақ үйде өткізетін екінші президенттік мерзімде лаңкестікпен күреске басымдық берілетінін айтты. "Біз лаңкестікке қарсы соғыста ұлттық күш-қуат ресурстарын сарқа пайдаланатын боламыз",- деген Дж.Буштың сөзін Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі жариялады.
"Біз Ирак пен Ауғанстандағы жаңадан апыл-тапыл басқан демократияның нығаюы, олардың өз бостандығын қорғай алуы үшін қолұшын беретін боламыз",- деді АҚШ президенті. Ол сондай-ақ, екінші мерзімде негізгі басымдық берілетін мақсаттар - АҚШ экономикасын нығайту, "ескірген салық кодексін" жаңалау, мемлекеттік зейнетақы жүйесін нығайту, мектептегі білім беру ісіне ықпал жасау, сондай-ақ, "отбасы және сенім тәрізді тұңғиық құндылықтарды" нығайту екенін атап көрсетті.