Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстандықтардың еншісінде - 3 медаль

Сәуірдің 27-29 аралығында Ташкенттің «Өзбекстан» спорт алаңында 26 елдің 200-ге жуық спортшысы бақ таластырды, олардың арасында қазақстандықтар да болды. Чемпионаттың алғашқы екі күнінде дзюдошылар жеке сынақта, соңғы күні - команда болып өнер көрсетті.

Жеке сынақтағы жарыстардың қорытындысы бойынша, қазақстандық команданың өкілдері - Сергей Лим (66 келіге дейін) алтын, Гүлжан Ыссанова (78 келіден артық) - күміс және Виктор Демьяненко (100 келіге дейін) - қола медальді жеңіп алды.