Дзюдодан Азия чемпионатында 1 алтын, 1 күміс медаль түсті!


26 сәуір күні басталған бұл дүбірлі дода ертең аяқталады. Онда Қазақстан құрамасынан қазіргі таңда 66 келіде чемпион атанған Сергей Лим мен 78 келіде күміс жүлде алған Гүлжан Исанова Лондондағы ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін ұпай қорын иеленді. Ал ерлер арасында Еркебұлан Қосаев (60 кг) бесінші, Ринат Ибрагимов (73 кг) жетінші, әйелдер арасында Зарина Әлдікова (63 кг) мен Ғалия Ұлментаева (78 кг) бесінші, Мариам Ордабаева (70 кг) жетінші орын алды. Бас бапкер Асхат Жіткеев енді Ислам Бозбаевқа (81 кг), Тимур Болатқа (90 кг), Виктор Демьяненкоға (100 кг) және Ержан Шынкеевке (+100) үміт артуда.