Дзюдодан рейтингілік Grand Slam турнирі қай қалада өтетіні белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңартылған күнтізбеге сәйкес, Қазақстандық әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 жарысы Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстырылған. Жарыс 10-12 мамыр күндеріне жоспарланған. 

Айта кетерлігі, бұл бәсеке 2024 жылғы Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы Grand Slam жарысы болып табылады. 

Grand Slam жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін ұпайлар:

I орын - 1000 ұпай

II орын - 700 ұпай

III орын - 500 ұпай