Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының финалына жолдама алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Отандасымыз жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Хек Енгті жеңді. Әбиба оның алдында алғашқы белдесуінде филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея балуанын ұтқан.

Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 келі) жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимге (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін күресетін балуанды күтеді.


Сонымен қатар сағат 16:00-де тағы бір отандасымыз Ғалия Тынбаева (52 келі) қола медаль үшін таласады. Ғалия ширек финалда Моңғолия дзюдошысына есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Ахлия Муминовадан (Тәжікстан) айласын асырды.