Сүйінші жаңалықты спортшының өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ассалаумағалейкум, құрметті қазақ елі!
"Қуанышты бөліссе көбейеді" дейді ғой. Алланың жазуымен кеше үшінші рет әке атандым. Өмірге ханшайым келіп, шаңырағымызды тағы бір рет шаттыққа бөледі. Қуанышымда шек жоқ екенін жасырмаймын.
Осы жаңалыққа байланысты кешеден бері құттықтаулар легі толастар емес! Жылы шырай танытып, ыстық лебіздеріңізді жолдап жатқандарыңызға көп рахмет!
Қазір суық хабар көбейіп кетті ғой. Қалыпты өмір салтымызға оралатын сәт те алыс емес деп ойлаймын. Алла Тағала баршамызды жаман індеттен сақтап, осындай қуанышты жаңалықты көбейтсін! Ел үмітін ақтар азаматтарымыз күн санап арта берсін! Әрбір шаңыраққа шаттық, береке орнасын! Отбасымыз, ата-анамыз бен балапандарымыз, жақындарымыз аман болсын! Ләйім, қуанышты сәтте қауышайық", - деп жазды Елдос Сметов.
Естеріңізге сала кетейік, Елдос Сметов Халықаралық Дзюдо федерациясы 2017 жылдың қаңтар айында бекіткен тізім бойынша 60 кг салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 1-орында тұр.