81 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық палуан Того елінің дзюдошысы Сачо Денаньонды 1 минут ішінде екі рет вазари әдісімен таза ұтты. Оның келесі қарсыласы 32 жастағы Германия өрені Оле Бишоф атанып отыр.
Еске салайық, бірінші айналымда отандасымыз украиндық спортшы Артем Василенконың жауырынын жер иіскеткен болатын.