Дзюдошыларымыздың Олимпиададағы алғашқы жеңісі - Гүлжан азулы қарсыласын алып ұрды

Ширек финалға шығу белдесуінде корейлік На-Йонг Киммен кездескен спортшымыз негізгі уақытта тең күрескенімен, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, 78 келіден жоғары салмақ санатында белдесетін Г.Исанова 2009 жылы Тайваньда өткен Азия чемпионында барлық қарсыластарын ұтқан болатын. Сондай-ақ ол Азия чемпионатының 3 қола, 1 күміс медалін еншілеген.