ЕАЭО азаматтарының Қазақстан банктеріндегі несиесі. Тоқаев заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО шеңберінде кредит тарихына қатысты ақпарат алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сенат заң жобасын 18 мамырда қабылдады.