«Еуразиялық экономикалық одақ аумағында» доллар, еуромен еларалық операцияға тыйым салынады деген мәлімдеме шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады ЕЭК.
Резервтік валютамен есеп айырысуға тыйым салыну ықтималдығы жайлы хабарламаны сейсенбі күні «Известия» газеті жариялаған.
«Ұлттық валютамен (рубль, белорусь рублі, теңге, драм) есеп айырысуға тек 2025-2030 жылдары көшуі мүмкін», - деп хабарлады «Известия» Ұлттық төлем кеңесінің басшысы Александр Мурычевқа сілтеме жасай отырып.
ЕАЭО туралы шартта мұндай норма көзделмеген, делінген ЕЭК хабарламасында.
ЕАЭО елдерінің азаматтары егер ұлттық төлем карталарының жүйесі өзара іс-қимылды реттесе, ұлттық валютада есеп айырысу мүмкіндігін алады.
Ол келісілген валюталық саясатты қамтамасыз ету шараларын, оның ішінде мүше мемлекеттер арасында ұлттық валютамен өзара есеп айырысуды көздейді.
Төлем жүйелерінің өзара әрекетінің қағидаттарын талқылау енді қолға алына бастады, ЕАЭО елдері тек ұлттық валютаны қолдануға көшеді деген әңгіме әзірге болған жоқ, деді ЕЭК-тен.
Еуразиялық экономикалық одақ 2014 жылғы 29 мамырда құрылды, құрамында Беларусь, Қазақстан, Ресей бар. 10 қазанда Армения қосылды. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қырғызстан қосылмақ.