Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ресей ғылым академиясы Әлем экономикасы және халықаралық қатынастар институты директорының орынбасары Геннадий Чуфрин айтты.
«Биыл алғашқы бесжылдық кезеңнен бастап тұңғыш рет ЖІӨ-нің шамамен 3 пайызға төмендеуі күтіліп отыр. Жағдай қаншалықты қиын көрінгенімен Ресей де, онымен бірге экономикалық одаққа кіретін елдер де ешқандай ауыртпашылықтарға ұрынбайтынына сенімдімін. Керісінше, менің пікірімше, оларда қазіргі әлемдік дағдарысқа қарсы тұра алатын маңызды саяси және экономикалық әлеует бар», - деді ол.
Г. Чуфриннің сөзіне қарағанда, бұл дағдарыстың себептері де түсінікті. Олар әлемдік нарықтағы құлдырап бара жатқан жалпы жағдай, мұнай мен шикізатқа бағаның түсуі және Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкциялық әрекеттері.
«ЕАЭО негізіне биылдың өзінде жүзеге аса бастайтын өте үлкен әлеуеттік мүмкіндіктер салынған. Олардың алғашқылары қызмет көрсету, ал басқалары материалдық өндіріс саласында», - деп түсіндірді сарапшы.
Оның пікірінше, ЕАЭО жағдайында бізбен әріптестікке қызығушылық танытып отырған елдерден бөлектенбей, керісінше қоян-қолтық араласу өте тиімді болмақ.