ЕАЭО елдері станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжиниринг орталығы тұжырымдамасының жобасын жасайды

«Өкімге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ қатысушы-елдері Үкіметтеріне ЕЭК-пен бірлесіп, Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжиниринг орталығын (ЕИО) құру тұжырымдамасының жобасын жасау және оны кезекті Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына енгізу тапсырылады», - делінген хабарламада.    

Еуразиялық инжиниринг орталығын құру туралы шешімді қабылдау алдында комиссия тараптармен бірлесе отырып,  үлкен талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізді. Еуразиялық инжиниринг орталығы ЕАЭО қатысушы-елдерінің ғылыми-техникалық әлеуетін біріктіретін құрылым ретінде қарастырылуда.

Оны құру ЕАЭО қатысушы-елдерінде сала кәсіпорындарын дамыту және өндірістік және ғылыми-техникалық кооперацияны тереңдету мүмкіндігін кеңейтеді. Сондай-ақ ЕИО ЕАЭО аумағында шығарылатын инновациялық станок жасау жабдықтарын қолдану арқылы өнеркәсіп өндірістерін жаңартуға жәрдемдесетін болады. ЕИО құру тұжырымдамасының жобасы орталықтың қаржылық қызметінің түрін, құрылымын, мақсаттарын, міндеттерін және көздерін белгілейді.

Сонымен қатар, ЕЭК кеңесінің мүшелері халықаралық пошта жолданымдары мен тасымалдарды жеткізушілер жіберетін жеке мақсатқа пайдаланылатын тауарларды баж салығынсыз әкелудің құны мен салмақ нормаларын біріздендіру мәселесін қарады.


ЕАЭО Кеден кодексі күшіне енгенге дейін Одақ қатысушы-елдерінің ұлттық деңгейде белгіленген қазіргі қолданыстағы нормаларын сақтау жөнінде шешім қабылданды. Сөйтіп, трансшекаралық интернет-сауда ережелері бұрынғыша қалады.

Сондай-ақ отырыс барысында Беларусь Республикасынан Кеңес мүшесі Василий Матюшевскийді 2015 жылғы ЕЭК кеңесі төрағасы етіп тағайындау туралы өкім мақұлданды.

Сонымен бірге, Кеңестің басты күн тәртібі мәселелерінің бірі Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылу шарттары туралы хаттамалар жобасын әзірлеу жайы болды.