Бұл туралы ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Максим Ким мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Максим Ким
Оның айтуынша, бұл мәселеге техникалық реттеу саласы жауапты. Аталған сала өнімге қойылатын міндетті талаптардың сақталуын және өндірушілердің шеңберден шықпауын қадағалайды. Аталған талаптар арнайы құжаттарда – Одақтың техникалық регламенттерінде бекітілген.
"Қазіргі таңда 52 техникалық регламент әзірленіп, қабылданды, сондай-ақ 9 мыңға жуық озық мемлекетаралық және ұлттық стандарт Одақтың құқықтық базасына енгізілді. Бұл жұмысқа өнеркәсіп пен ғылымның барлық дерлік саласы, реттеуші және қадағалаушы органдар қатысты. Алдағы уақытта тағы тоғыз техникалық регламент бойынша жұмысты аяқтауымыз қажет", – деді Максим Ким.
Ол бұл регламенттер әр ел үшін аса сезімтал өнім түрлеріне қатысты болатынын атап өтті. Олардың қатарына мыналар жатады:
*химия және құрылыс материалдары;
*лак-бояу материалдары;
*мал азығы;
*құрамында никотин бар өнімдер;
*жеңіл рельсті көлік.
Тұтастай алғанда, ЕАЭО туралы шартқа қол қойылған 11 жылдан бері елдер ортақ нарық қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыс атқарды, деді Максим Ким. Сонымен қатар экономикаларды дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналған бірегей экономикалық реттеу жүйесі қалыптастырылды.
"Біз барлық бағыт бойынша, соның ішінде техникалық реттеу саласында да елеулі нәтижелерге қол жеткіздік. Одақтың бірыңғай техникалық реттеу жүйесі бес мемлекет үшін кең ауқымды интеграциялық жоба екенін нық сеніммен айтуға болады. Бұл жүйенің енгізілуі нәтижесінде Одақ елдері арасында тасымалданатын өнімнің 85 пайыздан астамы ортақ талаптар мен бірдей рәсімдер бойынша жеткізілетін болды", – деп түйіндеді Максим Ким.