Еденде "отжимание" жасаған ақ жаулықты ананың ісіне жұрт наразы болды


Бұл жолы ақ жаулықты ана асабаның дегеніне көніп, айтқанын істеді. Нақтырақ айтқанда еденнен қолмен көтерілген. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. Ал видеоны желі қолданушыларының бірі  Бекбол Сейткали жүктеген. 

Оны көрген көпшілік асабаға наразы болды. Олар:  "Дұрыс емес деп ойлаймын, масқара. Апаң да қызық, дардай апаға бұлай жасатқаны несі ұят емес пе?", "Тамадалар деген жұртты ұйытып тойды орнымен жүргізуі керек емес пе? секеңдетіп билетіп жас пен кəріні мазақ еткенше, Профессионал асаба ондай масқара ойындар ойнатып шектен шықпайды. Әзір ақша істейм деп жүрген әуесқой бәдік асабасымақтар солай ойына келгенін істеп "қуады". Әңгімесін тыңдасаң, түкке тұрмайтын, ұйқас пен үйлес дегеннен аулақ бөспе сөз", "Асабаның есі кеткен екен деп,апамыз да маймылға ұқсап кайтала бере ме..Тәрбиенің басы осы апалардан басталуы керек қой", -деп жазды.