"Единая Россия" бас кеңесінің хатшысы Сергей Неверов мәлімдеме жасады

"Единая Россия" бас кеңесінің хатшысы Сергей Неверов мәлімдеп өткендей, АҚШ президенті Барак Обаманың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуден бас тартуы америкалық әкімшілік ұстанымдарының әлсіз екендігін көрсетіп отыр.


           Оның айтуынша, бұл шешім ең алдымен АҚШ мүдделеріне нұқсан келтіруде. "Сноуденге қатысты жағдайда адам құқын қорғаушы басқа кез-келген өркениетті ел дәл Ресей сияқты істейтін еді", деген С.Неверовтың сөздері "Единая Россия" сайтында берілген.
           "АҚШ президенті осы себепті кездесуден бас тартса, бұл тек Құрама Штаттар басшылығы ұстанымдарының әлсіз екендігін көрсетіп отыр", деді ол.
           "Егер АҚШ басшылығы сыртқы саясатты ультиматум қою және оқшаулау қағидаларына орай құруды орынды деп санаса, қалаулары білсін. Бірақ ондай жол америкалықтардың ұлттық мүдделеріне сай емес", деді ол.
           Алдында АҚШ президентінің Мәскеуде ресейлік басшымен кездеспейтіндігі мәлім болған. Дегенмен америкалық лидер Санкт- Петерборда өтетін G20 саммитіне қатысады. G20 саммиті аясында да екіжақты кездесу өткізу көзделмеген.