Е.Досаев: "Автокөлік салығын азырақ төлеу үшін оны қазірден бастап төлеп тастауға бел будым"


Сондай-ақ, Ерболат Досаев салықтың көтерілуі халықтың негізгі бөлігіне әсер етпейтініне сенімді.
           «Халықтың негізгі бөлігіне келер болсақ, салық заңдарына енгізіліп отырған өзгерістер оларға әсер етпейді. Тағы да қайталап айтамын: салық жүйесіндегі өзгерістердің оларға қатысы жоқ», - деді ол журналистерге.
           Сонымен қатар, министр жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығын төлеуге Қазақстан халқының «шамасы жетеді» деп есептейді.
           «Орта есеппен, пәтерлердің 85%-ы туралы айтар болсақ, салық мың теңгеден 2,5 мың теңгеге дейін өседі. Бұл бүгінгі табысты есепке алсақ әр отбасының шамасы жететін дүние», - деді ол.
           "Енгізіліп отырған өзгерістерді халыққа түсіндіресіздер ме?"  деген сұраққа министр: «Мен жұмысты бастап та кеттім. Бірақ, тағы да қайталаймын, біз сән-салтанат салығы туралы айтып отырмыз. Азаматтар мен олардың көңіл-күйіне қатысты басқа салықтарға тиіскеніміз жоқ» деп жауап берді.