«Теңге бағамына түзету жүргізуді ескере отырып, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін инфляция өсімін ұстап тұру бойынша шаралар қабылданатын болады», - деді Е.Досаев.
Оның атап өтуінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсіміне жол бермеу үшін оның шекті мәні мен бөлшек саудадағы рұқсат етілген шекті көлемі бекітілген.
«Сондай-ақ тұрақтандыру қорларындағы өнімдерді пайдалану арқылы тауарлық интервенция жүргізу бойынша жұмыстар жандандырылатын болады», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, тарифтердің өсіміне жол бермеу үшін реттелетін қызметтерге арналған тарифтердің шекті үлесі мен бағалар 2014 жылдың ішінде 1.2 пайыздық тармақ деңгейінде болады. Яғни, 2014 жылдың мамырына дейін реттелетін қызметтерде жаңа тарифтер мен бағалар енгізілмейді.