ЕЭО туралы келісімшартта бүкіл мемлекеттердің мүдделері ескерілген – Назарбаев


деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Біз Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартты дайындау жөніндегі үлкен шаруаны аяқтадық. Оған қол қою деген -еуразиялық кеңістікте интеграция дамуының жаңа бір сапалы кезеңі айқындалды деген сөз. Менің ойымша, ЕЭО туралы келісімшарт салмақты әрі сауатты жасалды, онда бүкіл мемлекеттердің мүдделері ескерілген", деді Н.Назарбаев Астанада бейсенбіде Жоғарғы экономикалық кеңестің отырысында.