Қазақстандық тарапты ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов, ал египеттік тарапты - ЕАР сыртқы істер министрінің орынбасары Ясер Мурад басқарды.
ЕАР СІМ-дегі кездесу кезінде саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, кунсульдық және басқа салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Тараптар Астана мен Каирдың негізгі халықаралық және өңірлік проблемаларда ұстанымдарының бір-біріне жақын екенін атап өтті және Таяу Шығыс аймағындағы соңғы оқиғаларға байланысты халықаралық экстремизм мен лаңкестіктің өсіп отырғанына алаңдаушылық білдірді.
Екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының өкілдері Қазақстан мен Египеттің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатураларын өзара қолдау туралы уағдаластықтарын қуаттады. Астанада осы жылғы маусым айында өтетін Әлемдік және дәстүрлері діндер басшыларының V съезі өтетінін ескере отырып, дипломаттар дінаралық диалогты ілгері жылжыту жөнінде бірлескен күш-жігерді жалғастыруға әзір екенін білдірді.
Қазақстандық тарап Египетті штаб-пәтері Астанада болмақшы ИЫҰ жанында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру жөніндегі Қазақстан Республикасының бастамасына қосылуға шақырды.
Екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-египет үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысын, сондай-ақ қазақстандық-египет іскерлік кеңесінің 4-ші кездесуін тезірек өткізуді жақтады. Египет тарабы өзінің Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын қуаттады.
Сонымен бірге Каирде болған кезінде А.Мусинов ЕАР Ескерткіштер істері жөніндегі жоғарғы кеңесінің бас хатшысы Мустафа Аминмен кездесті, онда қазақстандық және египет халықтарын байланыстыратын аса көрнекті тарихи тұлға Бейбарыс сұлтанның Каирдегі мешітін жаңғырту жұмыстарын аяқтау мәселелері талқыланды.
А.Мусиновті сондай-ақ Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы Набиль Әл-Араби қабылдады. Келіссөздер кезінде осы араб елдері ұйымымен біздің еліміздің ынтымақтастығын нығайту преспективалары қаралды.
Сонымен қатар, сұхбаттасушылар араб елдерінің ҚР-ның 2017-2018 жылдардағы кезеңде БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдау мәселелерін, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру бастамасын және Бас хатшының Астанада осы жылы маусымда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының V съезіне қатысуы мәселелерін талқылады.