Египетте сәрсенбі күні полиция мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыс соңғы мәліметтерге сәйкес 327 адамның өліміне әкелді, деп Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Мұнымен қоса 2 930 адам жарақат алды.
Бұрын хабарланғандай, тәртіп сақшыларымен болған қақтығысқа гипет президенті Мұхаммед Мурсиді қолдаушы «Мұсылман бауырлар» қозғалысының жақтастары қатысты.