Сыбайластық жасады, деген айып алынып тасталған Мысырдың экс-президенті Хосни Мүбарак түрмеден шыққан соң үй ішіндегі қамауда болады, деп хабарлады британдық Би-би-си телерадиохабар тарату корпорациясы.
Атап өтілгендей, өткен сәрсенбіде сот қатты науқас саясаткерді кепілдікке шығару туралы қаулы қабылдаған.
Қазіргі уақытта сот Х.Мүбарактың 2011 жылы көтеріліске шыққандарды өлтіруге қатысы туралы істі қайта қарауда, ол сол көтерілістің салдарынан қызметтен кеткен болатын.
2012 жылы маусымда 85-жастағы Х.Мүбарак кінәлі деп танылған. Оған өмір бойы түрмеде отыруға үкім шығарылған, алайда биыл қаңтар айында қорғаушылар бұл істің қайта қаралуына қол жеткізді.