Египеттің экс-президенті Мұхаммед Мурси өлім жазасына кесілді

Каирдың қылмыстық соты оған және «Мұсылман бауырлардың» бірқатар көшбасшыларына екі іс бойынша - отанын сатқаны және шетелдік мемлекеттің пайдасы үшін шпиондық жасағаны, сондай-қ 2011 жылғы қаңтар революциясы күндерінде «Мұсылман бауырлардың» жаппай түрмеден қашқаны үшін үкімді жария етті.

Отанын сатқандар арасында оның есімі жоқ, бірақта оны 106 адамның ішінде түрмеден қашқаны үшін өлім жазасына кесті.