Бүгінгі күнге дейін Қазақстан егіс алқаптарының 40 пайызындағы астықты жинап алды, жалпы, 7 млн тоннаға жуық астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өмірияев мәлім етті.
Орта есеппен алғанда егіс алқаптарының әр гектарынан 11,8 центнерден өнім алынды, делінген үкімет басшысы сайтындағы хабарламада.
Министрлік болжамынша, биыл ел қамбасына таза салмақпен 16,3 млн тонна астық түсуі тиіс.