Егіздер өз әкелерін анасына ЭКО жасаған гинеколог екенін 40 жылдан кейін білді

62 жастағы Хелен Эдельдің анасы 1959 жылы бала сүйгісі келген. Алайда күйеуі бедеу болған екен. Кейін ауруханада жұмыс істейтін әпкесі оған әйелдерге жүкті болып, босануға көмектескен дарынды гинеколог Джон Доэртиге жүгінуге кеңес берген.

Нәтижесінде науқас шынымен жүкті болып, 1960 жылы егіздер Хелен мен Энн дүниеге келді.

20 жылдан кейін қыздар мен әкелерінің арасында қатты жанжал туындап, әкелері ашумен олардың өзгенің сперматозоид донорынан дүниеге келгендерін айтқан. Содан кейін апалы-сіңлілер өздерінің биологиялық әкесінің кім екенін білгісі келген.

Хеленнің айтуынша, сіңілісімен бірге ол доктор Доэртиге өздерінің әкесі болған адамды сипаттауын сұрап, хат жазған.


“Австралиялық, қара шашты, қоңыр көзді, бойы шамамен 177 сантиметр, орташа дене бітімдегіадам", - деп жауап жазған Доэрти донордың дәрігер екенін растаған. Алайда басқа егжей-тегжейлі мәлімет бермеген.